САТУ
Үздік сату
Компания сұрыпталымында ZLP 630 қоса алғанда, біздің құрылыс салушылар
пайдаланатын барлық құрылыс люлькаларына арналған қосалқы бөлшектер бар.
Ауқымды каталогтан сіз мыналарды таба аласыз:
Егер сізде жинақтауыштарды таңдау кезінде қиындықтар туындаса, біздің
мамандар туындаған барлық мәселелер бойынша тегін техникалық кеңес беруге
дайын. Біз құрылыс жабдықтары нарығында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп
келеміз және оны пайдалануға байланысты барлық өзгешеліктерді нақты
анықтадық. Сіз қызықтыратын бөлшектің тәуелсіз бағасын ала аласыз, сондай-ақ,
оны орнату және люлькада пайдаланудың орындылығын біле аласыз.
Сізде себеттін жаңасын жинау немесе тозған бөліктерді ауыстыру мүмкіндігі бар.
Балюстрадтар, платформалар, бүйірлері, берік бұрандалар мен бекіткіштерге
арналған сомындар бөлек сатылады.
Пайдаланушылар "Люлька қосалқы бөлшектері" сұранысы бойынша, сонымен
қатар, жабдықтарға арналған электрлік қосалқы бөлшектерге де қатты
қызығушылық танытады. Көтергіштің электрлік құрамдастары энергиямен
жабдықтау желісіндегі іркілістер себебінен жиі істен шығады. Сіз бізден жаңа
редуктор, басқару қалқаны және тіпті тұтас электр қозғалтқышын сатып ала
аласыз.
Қасбеттік люльканың барлық электрлік құрамдас бөліктері. Өкінішке орай, біздің
электрмен жабдықтаудың "тұрақтылығын" ескеретін болсақ, өте жиі істен шығып
тұрады. Барлық қосалқы бөлшектер жаңа және әрдайым біздің қоймада бар.
Қасбеттік аспалы көтергіштердің барлық конструкциясының ең маңызды бөлшегі –
арқандарда люльканы тұрақты ұстап тұратын негізгі функциясы.
Құрылыс люлькасының барлық конструкциясының ең маңызды бөліктерінің бірі.
"Қармағыш" деп аталатын, шын мәнінде, шұғыл тежегіш тетік болып табылады.
Люлька құрылымының өзі бөлек, бірнеше данадан немесе барлық люльканы
жиынтықта сатып алуға болатын бөлшектерден тұрады. Қажет болған жағдайда,
біз Сізге қосалқы бөлшектерді таңдауда кеңес беруге дайынбыз.
Бізде люлькаға қосалқы бөлшектер сатып ала отырып, сіз құрылыс жабдығымен
кез келген мәселені жедел жоюға көмектесетін сенімді жеткізушіге ие боласыз.
Біздің тәжірибелі техникалық бөліміміз бар және аталған техниканы жөндеумен
және қызмет көрсетумен айналысамыз, сондықтан, барлық әлсіз жерлерді,
қосалқы бөлшектерді орнату және таңдау ерекшеліктерін, осы саланың үздік
өндірушілерін дәл білеміз. Сондай-ақ:
ZLP 630 құрылыс люлькаларына арналған қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру үшін Сіз жедел желіде тегін телефон соға аласыз:
8 800 080 95 88 немесе info@viramax.kz электрондық поштаға хат жазыңыз.
Біз Сізге бірнеше минут ішінде жауап береміз.
Құрылыс жабдықтарын сату және жалға беруден басқа, Вирамакс компаниясы құрылыс люлькаларына арналған қосалқы бөлшектерді жеткізеді. Құрылыс люлькалары өте белсенді қолданылады және ауыр жүктемелерге ұшырайды, сондықтан кейбір бөлшектері уақыт өте келе істен шығып отырады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, біз сізге көмекке келуге дайынбыз. Вирамакс – бұл өзекті сұрыпталым, жоғары білікті мамандар мен кәсіби кеңестер.
Біздің компания өзін ZLP 630 құрылыс люлькаларына арналған қосалқы бөлшектердің сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті. Біздің негізгі жетістігіміз біз тек сатып қана қоймаймыз, сонымен қатар, бөлшектердің сапасына, оны орнату және люлькада пайдаланудың орындылығына қатысты тегін кеңес береміз.